Спорт

Жергілікті полицейлер жаһандық жарыста жүлде еншіледі

Маусымның 4-і мен 8-і аралығында Ташкентте қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтті. Жаһандық жарыста Қазақстан намысын 9 спортшы қорғады. Солардың ішінде облыстық полиция департаментінде қызмет ететін Ырысбек Байдуллаев пен Ердәулет Сайдуллаев та болды. Алғашқысы – 65, екіншісі 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Доданың қорытындысы бойынша құқық қорғаушылардың әрқайсысы қоржынға қола медальдан салды. Кеше білекті жігіттерді әріптестері мен жақындары поездан күтіп алды. Жалпы, аталған чемпионатқа 30 мемлекеттің спортшылары қатысқан. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікті тұйықтады.

Бердимурат Баймухан