ТКШБилікҚұрылыс

Тұғырлы тәуелсіздік құрдастары

Қарапайым халықтың өтініш-тілектерін тыңдап, туындаған түйткілдерді тезе арада шешу. Бұл – Елдар Зәкіриннің міндетті. Азамат Қызылжар аудандық әкімдікте бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарады. Жас маман аудандағы жол-су мәселесінің шешілуіне жауапты.

Елдар Зәкірин – Қызылжар аудандық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

-2012 жылы жергілікті университетті тәмамдап, Қызылжар аудандық әкімдігіне жұмысқа тұрдым. Содан бері осында қызмет етудемін. Басында компьютерлік техника операторы болып еңбек еттім. Қазіргі таңда аудандағы жолдардың сапасына жауаптымын. Тұрғындар тарапынан сұрақтар көп түседі. Солардың бәрін қарап, шешуге тырысамыз.

Михаил Смольянинов те – тұғырлы тәуелсіздіктің құрдасы. Ол 1991 жылдың қараша айында Боголюбово селосында дүниеге келген. Қазіргі таңда Куйбышев ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы болып еңбек етеді. Бұл салада жұмыс істеп жүргеніне 2 жыл болыпты. Сондай-ақ, азамат волонтерлік істе де белсенділік танытып жүрген көрінеді. 2019 жылы “Мейірімді жүрек” атты еріктілер ұйымын құрыпты. Тағы жас маман алдағы уақытта мемлекеттік тілді жетік меңгермек екен.

Михаил Смольянинов – Куйбышев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қызылжар ауданы:

-Мемлекеттік қызметші қарапайым халыққа жақын болуы тиіс. Жұртшылықтың өтініш-тілектерін тыңдап, мәселені шешуге атсалысуы қажет. Өз басым ауылдық округті одан әрі көркейтіп, мұндағы барлық мәселені шешкім келеді. Әрине, бұл бір адамның қолынан келмейді. Жалынды жастар біріксе, мәселелерді біржақты етіп, елімізді алға жетелейді.

Жалпы, бүгінде біздің өңірімізде 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Олардың 700-ге жуығы – жас маман.

Дана Ешкенова