ТЖ

СҚО-да 400-ге жуық ірі кәсіпкерлік нысанында өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары рейдтік шараларын қорытындылады. Жыл басынан бері облыс аумағында ірі кәсіпкерлік нысандарына 600-ге жуық тексеріс жүргізілген. Оның 400-ге жуығында тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмағандығы анықталды. Мамандар айыпты тұлғаларға қатысты әзірге ескертумен шектелген. Аталған жағдайлар алдағы уақытта қайталанатын болса 5-тен 10 АЕК көлемі аралығында айыппұл салынады.

Орал Әбдірахманов – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

-Ең біріншіден дабыл дұрыс жұмыс істеуі керек. Қосалқы есіктер болуы қажет. Ережелерді білуі шарт.

Маржан Касымбек