Ауыл шаруашылығыЭкология

Өңірде 2025 жылға дейін 15 млн ағаш отырғызылады

Қазір Солтүстік Қазақстан облысындағы орман қорының аумағы 549,6 мың гектарды құрайды. Оның 80%-ы қайың мен терек екен. Жуырда жергілікті табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жасыл желек қорын көбейту мақсатында 5 жылға арналған жоспар әзірледі. 2025 жылға дейін 15 млн ағаш егіледі. Науқан кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Бейбіт Исманов – СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

-Осы көктемде 561 гектар алқапқа ағаш отырғызылды. Барлығы – 2 жарым млн-ға жуық қарағай мен қайың егілді. Күзде 289 гектар жерге 1 жарым млн-ға жуық жасыл желек егіледі.