Мемлекеттік комиссия мүшелері архив жұмысымен танысты

МТРА жаңалықтары

23:42 15 Маусым 2021

Депортациаланған ұлттарды толығымен ақтау. Бұл да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін құрылған комиссияның негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Маңызды іспен жергілікті университеттің кафедра меңгерушісі Нұрболат Әбуов 15 жыл бойы айналысып келеді екен. Айтуынша, қиын-қыстау заманда азық таппаған адамдар кейде ұрлық жасауға мәжбүр болған. Алайда, бұған қатысты тым ауыр жаза қолданылыпты.

Нұрболат Әбуов – М.Қозыбаев атындағы СҚУ кафедра меңгерушісі

-Ұрлық жасағандар 58-ші саяси баппен жазаланған. Яғни, олар ату жазасына кесілген. Мүліктік қылмыстары үшін адамдарды лагерьлерге де жіберіп, тегін жұмыс істеткізген. Тарихқа үңілсек, депортацияланған жандардың қуғын-сүргінге дейін де ауылдық жерлерде азғантай жалақыға қызмет еткенін көреміз. Біздің топтың жұмысы осы жандарды зерттеп, ақтауға бағытталған.

Отырысқа жиналған жандар тағы бір тарихи дерекпен бөлісті. Сөздерінше, жақында Петропавлдан 6 шақырымдай жерде адамның сүйектері табылыпты. Ол өткен ғасырда ату жазасына кесілген не көпес, не шаруа болуы мүмкін. Бүгінгі таңда марқұмның қандай себеппен оққа ұшқаны анықталып жатыр.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры

-Атылғаны жөнінде актіге қол қойылып, құжат толтырылған. Қай жерге жерленгені жөнінде акті бар. Бұл бір ғана құжат. Басқаларына сүйеніп, толығымен анықтауды жоспарлап отырмыз. Кейін міндетті түрде хабарлаймыз.  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2 мыңнан астам адам жоғары ату жазасына кесілген, жерленген жерлері әлі белгісіз.

Бүгінгі жиында елордадан келген мемлекеттік комиссия мүшелері архив қызметімен танысты. Кездесу барысында жергілікті мамандар мұрағат базасында «Қауырт желі» атты база құрылғанын атап өтті. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісінде оның көмегі зор. Қолында әділетсіздікке ұшырап, өмірден озған жандарға қатысты тарихи мәлімет бар адам экранда көрсетілген нөмірге хабарласып, мамандармен байланыса алады. (8(7152)46-48-19)

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

ҚР ҰҰ Әскери институтын 24 жылда 4 мыңға жуық курсант тәмамдаған
Есіл ауданында 7 ауылдық округке жаңа әкім сайланады
СҚО-да бір күнде екі жазатайым оқиға болды
Бескөлде балық қырылып жатыр
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды
2021 жылғы 03 шілдедегі “МТРА жаңалықтары” қорытынды ақпараттық бағдарламасы
93 жастағы қария алаяқтарға 300 мың теңге берген
Пестрое көлін жалға алушы жауапкершілікке тартылды
Сайлау барысын 348 тәуелсіз бақылаушы қадағалайды
ЕАЭО аумағында тауар тасымалдау ережесі
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы қалай өтеді?
Өңірде аптап ыстық апта бойы сақталады