Бір үйір жылқыны айдап әкеткен 6 адам қолға түсті

Құқық қорғау органдары

23:41 15 Маусым 2021

Жылқысы ұрланған жан малдарын алдымен өзі іздейді. Күні бойы даланы аралап нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлеріне жүгінеді. Қылмыс былтыр күзде жасалған. Ұрланған жылқылардың жалпы құны 15 млн теңгеден асады екен. Хабар түскен соң, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кіріседі. Ізбен жүріп отырып мамандар малдың екеуін Зеренді ауданындағы шаруашылықтардың бірінен табады.

Руслан Назаров – СҚО ПД бастығының орынбасары:

-Аталған ауыл тұрғыны бұл жылқыларды Бурабай ауданында тұратын туысы әкелгендігін айтты. Жедел-тергеу шараларын өткізу нәтижесінде оның жылқы ұрлығына қатыстылығы анықталды. Сондай-ақ, ұрлыққа қатысты тағы төрт – Ақмола облысының және бір Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны әшкереленді. Барлық күдіктілер қазіргі таңда қамауға алынды. 

Кейін тәртіп сақшылары 53 жастағы Бурабай ауданының тұрғынын ұстайды. Ол жылқыларды туыстарының үйіне қамап қойыпты. Артынша тағы Ақмола облысының 3 тұрғыны мен 2 солтүстікқазақстандық күдікке ілінеді. Күдіктілердің барлығы бақташы болып жұмыс істейді. Олар бір үйір жылқыны бірнеше күн бойы көрші облысқа айдап отырып, өзара бөліп алған екен. Қазіргі күні бұл фактіге қатысты іс сотқа жөнелтілді.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Ауыл тұрғынының жоғалған бір отар қойын тәртіп сақшылары тауып берді
Өңірде көші-қонға қатысты ахуал тұрақты
СҚО-да жыл басынан бері 50-ден астам жалған жарнама анықталған
Петропавлда пәтер ұрлығы тыйылмай тұр
Іздеуде жүрген борышкерлер Ресейден табылды
Алаяқтарға алданып 2 млн теңгенің несиесін рәсімдеп қойған
“Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” акциясы өтіп жатыр
СҚО-да 4 күнде 32 мас жүргізуші ұсталған
Өңір полицейлері 600-ден астам қару жойды
Петропавлда дүкенде бірнеше ұрлық жасаған ер адам ұсталды
СҚО-да 4 күнде 24 мас жүргізуші ұсталды
Петропавлда көлік ұрлау фактісі тіркелді