Петропавлдық 2 тұрғын итті мүшелеп тастаған

Құқық қорғау органдары

23:55 11 Маусым 2021

 
Жұртты дүрліктерген бұл оқиға тапа-тал түсте болған. Назарбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің жанында ер адам мен әйел итті бауыздап, денесін бөлшектеген. Бұл жаға ұстатарлық әрекетті сол маңайда тұратын тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған. Көріп тұрғандарыңыздай, қос петропавдық еш қысылмайды. Терісі жартылай сыпырылған жануарды тасаға қарай әкетіп бара жатыр. Оларды мұндай жауыздыққа ащы су итермелеген көрінеді. Зооқорғаушылардың айтуынша қаскөйлер – ішкілікке салынған жандар.

Анастасия Семухина – “Фауна” ЖҚБ зооеріктісі:

-Біздің ұйымның волонтері екеуінің аты-жөнін, мекенжайларын анықтап, полицейлерге хабар берді. Бұған дейін 60 жастағы әйел бізге бірнеше рет үй күзететін ит керек деп қоңырау шалған болатын. Біз тұратын жеріне қарап, өтінішін мақұлдамадық. Оның иелегінде 3 бірдей иттің барын білемін. Төрт аяқты жануарлардың қазіргі жағдайы беймәлім болып отыр.

Анастасия Семухинаның сөзінше, адам шошырлық қатыгездікке барған жандар қашып құтылмақшы болған. Алайда, тәртіп сақшылары бұған жол бермепті.

Нұрбек Баекин – СҚО ПД баспасөз қызметінің инспекторы:

-ҚР ҚК 316-бабы «Жануарларға қатыгездік жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жедел уәкілдер 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйелді ұстады.

Итті өлтіргендерге 350 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе 30 тәулікке қамауға алынады. Соңғы кездері үй жануарларын азаптап, ұрып-соғатын жандардың қатары көбейгені рас. Бұл жануарларды қорлауға қатысты жазаны әлі де қатаңдату керек дегенді білдіретін сияқты.

Өз басым иттерді қатты жақсы көремін. Ит – адамның досы деп бекер айтпаған. Сүйкімді жануарлар міндетті түрде қорғалуы тиіс.
– Адамдардың иттің тіршілік иесі екенін ұмытып жатады. Оларды ұрып, тіпті көшеге қаңғыртып жібереді. Дұрыс тамақтандырмайды, күтім жасамайды.


Үй жануарларына мейіріммен қарап, олардың тірі тіршілік иелері екенін естен шығармаған абзал.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті
Облыстық ПД Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті 
Тұрғындар жатақхана маңын қоқыс тастайтын орынға айналдырған
СҚО-да ер адам көліктен құлап, мерт болды
Петропавлдағы дүкендердің біріне қарақшылық шабуыл жасалды
Тайынша ауданында дәмханаға ұрлық жасалды
Петропавл тұрғынының үйінен 20 түп марихуана табылды
Петропавлда пәтер ұрысы ұсталды
Өңірге жұмыс сапарымен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев келді
СҚО-да заңсыз жүрген 12 шетелдік елден шығарылды
Аса ірі көлемде есірткі сақтаған 19 жастағы жігіт ұсталды
Велосипедтерді қолды қылған петропавлдық құрықталды