Өзен-көлдерде рейд жүріп жатыр

ТЖД

20:22 10 Маусым 2021

Облыс аумағында суға түсуге рұқсат етілген 58 демалыс орны бар. Соның бірі – Петропавлдың іргесіндегі Пестрое көлі. Күн ысыса болды адамдар осында ағылады. Мамандар рейдтік шараны осы жерден бастауды жөн көріпті.

Кирилл Иванников – СҚО ТЖД басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы:
Өзен-көлдерде алкогольдік ішімдік ішуге болмайды. Масаң күйдегі адамдар анықталса, тәртіп сақшылары 5 АЕК көлемінде айыппұл салады. Бүгінгі күнге дейін ұйымдастырылған рейдтерде ащы судан ұртаған 150-ге тарта тұлға тіркелді. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал бүгінгі рейд барысында бірде-бір құқық бұзушылық фактісі тіркелмеді. Демалушылардың барлығы тиісті ережелерді білеміз дейді.

Немерелеріммен биылдыққа екінші рет суға түсуге келдік. Оларды әрқашан бақылауымда ұстаймын.
Су суық екен. Әлі шомылуға ерте сияқты. Өзім тиісті ережелерді сақтаймын. Өзгелер де ұстанса деймін.

Ал бұл – Қарғалы аралы аумағындағы Қара көл. Аталған су айдынына түсуге болмайды. Алайда, кейбір жандар салынған тыйымды елемейді екен. Құтқарушылар әр өткізген рейд барысында осы жерде шомылған адамдарды кездестіреміз дейді. Бүгін де жолықты. Бірақ, суға түскендер емес, көлдің маңайында жүргендер кездесті. Оларға мамандар ескерту жасап, ереже жайында құлағдар етті.

Алдияр Айтпаев – тілші:


Өңірде күн жылығалы бері 6 адам су құрбаны болыпты. Оның екеуі – кәмелетке толмаған бала. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 есеге көп. Қайғылы оқиғалардың барлығы осындай шомылуға рұқсат етілмеген жерде орын алған.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавл маңында 2 адам суға батып кетті
СҚО-да 400-ге жуық ірі кәсіпкерлік нысанында өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған
М.Жұмабаев ауданында өрттен 1 адам қаза тапты
Жыл басынан бері қалада 106 өрт оқиғасы тіркелген
Петропавлда бір күнде 2 үйден өрт шықты
СҚО-да 27 жастағы қостанайлық жігіт суға батып кетті