Мүгедектер мен зейнеткерлердің көлігі айына бір рет тегін жуылады

Ерiктiлер, Қоғам

20:18 10 Маусым 2021


Алқашқылардың бірі болып қоғам белсендісі Сәлімхан Сәбитов келді. Екі маман көлікті жууға бірден кірісіп кетті.

Дарья Сильченко – көлік жуу орталығының әкімшісі:

Жұмыс таңғы 8-де басталып кешкі 10-ға дейін жалғасады. Демалыс күндері де қызмет көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен 75 жастан асқан тұрғындардың көлігін айына бір рет осылай тегін жуып береміз. Ол үшін бар-жоғы тиісті құжаттарын көрсетсе болғаны.

1 сағатқа жеткізбей мамандар темір тұлпарды жылтыратып берді. Қызметтің бұл түрі негізі 2 мың теңге тұрады екен. Мұндағы жігіттер егде жастағы тұрғындар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін көмектесуге қашан да әзір екендіктерін айтады. Қалада осындай игі шараны қолға алып отырған көлік жуу орталығы әзірге жалғыз.

Сәлімхан Сәбитов – «Qyzyljar – Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 26 мыңнан асады. Басым бөлігінде көлік бар. Бұл жаңалыққа қуанады деп ойлаймын. Мониторингтік шаралар жиі өтеді. 2 жылды салыстырып біраз өзгеріс орын алғанын білуге болады.

Тегін қызмет көрсететін көлік жуу орталығы жалғыз болғанымен сұлулық салондары жиі белсенділік танытатын көрінеді. Сәлімхан Сәбитовтың сөзінше, кей шаштараздар қажет болса тұрғындардың үйіне дейін барып, көмек көрсетеді екен.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Биыл өңір ормандарында 2 млн 780 мың көшет отырғызылады
Жаңа жол белгісіне қатысты түсініктеме берілді
Мамырдың 15-і – Халықаралық отбасы күні
Жыл басынан Петропавлда 10 көлік отқа оранған
Жетім және ата-ана қарауынсыз қалған 125 жас биыл пәтер иеленеді
Тұрғындар жатақхана маңын қоқыс тастайтын орынға айналдырған
Шілде-тамыз айларында 100 жаңа автобус жеткізіледі
Тайынша ауданының әкімі есеп берді
Шектеу шаралары жеңілдетілді
Мемлекеттік рәміздер туралы викторина өтті
Қоғам белсенділері қалада әлеуметтік эксперимент жүргізді
Қарттарға көмек