Құқық қорғау органдары

Қызылжар ауданының тұрғыны марихуанамен ұсталды

 

Облыс орталығында жүрген 40 жастағы ер адамның көлігінен аса ірі көлемде есірткі табылды. Скотчпен буып-түйілген зат 5 келіге жуық кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ер адам қамауға алынды.

Руслан Үмбетов – СҚО ПД ЕҚКБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел өкілі :

Тергеп-тексеру барысында азаматтың үйінен есірткіге ұқсас заттар табылды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық процессуалды кодексінің 150-ші бабы бойынша қамауға алу бұлтартпау шарасы берілді.

Полиция қызметкерлері есірткі сатуға қатысты 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді. Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі саудасы бойынша 10 күдіктіге қатысты 13 қылмыстық іс / сотқа жолданған. Барлығы – 114 келі / түрлі есірткі тәркіленіп алынған.

Алдияр Айтпаев