Бизнес және экономика

Кәсіптен нәсіп тауып отырған нәзікжанды


Тағамдардың барлығы өзімізге таныс рецепт бойынша әзірленеді. Артық қоспалар мен дәмдеуіштерсіз. Ең бастысы – олардың барлығы тойымды әрі дәмі тіл үйіреді. Өз қалауыңызға қарай кез келгеніне тапсырыс бере аласыз.

Әйгерім Құнанбаева – жеке кәсіпкер, Тайынша ауданы:

-Қолдан тұшпара жасаймыз. Ет, тұз, бұрыш, сарымсақты араластырып дайындаймыз. Басқа ештеңе қоспаймыз. Әсіресе, камаз айдаушылар осы тамақты жақсы көреді.

Салаттың да бірнеше түрі бар. Адамның тәбетін ашатын бұл тағам түрін дайындау кезінде сәбіз бен қырыққабатты көбірек қолдануға тырысады екен.

Көкшетаудан келген кезде міндетті түрде осы дәмханаға кіремін. Мұндағылар қашан да жылы қарсы алады. Тамақтары да, салаттары да өте дәмді.

-Тамақтары өте дәмді. Манты, тұшпарасы ұнайды. Тазалығы да жақсы.

Көптің көңілінен шыққан бұл дәмхана Тайынша ауданына қарасты Аққұдық ауылының кіреберісінде орналасқан. Жұмысын бастағанына биыл 3 жыл толып отыр.

Әйгерім Құнанбаева – жеке кәсіпкер, Тайынша ауданы:

– Бұрын кафе вагонның ішінде орналасты. Ішінде 2-3 стол ғана болды. Жолдасыммен қаладан осында көшіп келіп, анамның бастаған ісін әрі қарай дамытуды шештік. Кәсіпкерлерге көмек көрсетіліп жатқанын естіп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»-нан несие алдық.

Рәсімделген несиенің көлемі 2 млн теңгені құрайды. Бұл қаражатқа ескі нысан толық қалыпқа келтіріліпті. Іші әрленген, су кіргізілген. Ал басқа да керек-жарақты іскер жан өз ақшасына сатып алыпты. Жылдың басында Әйгерім Құнанбаева «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»-нан тағы 6 млн теңге алып, тамақтану орнының дәл жанынан азық-түлік дүкенін ашқан. Берешекті 5 жыл ішінде 6 пайыздық үстемақымен қайтарады. Төлем әр 6 ай сайын жасалады екен.

Маржан Касымбек