Денсаулық сақтау

43 мыңға жуық солтүстікқазақстандық толық вакциналаудан өтті


Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталайық. Соңғы тәулікте аймақта 13 жаңа жағдай тіркелді. 11 науқастың бойынан қауіпті аурудың белгілері айқын байқалады. Ал республика бойынша 24 сағатта коронавирус инфекциясын 768 қазақстандық жұқтырды. Қазіргі таңда 23 мың 500 отандасымыз тәжді вирустан ем қабылдауда.

Елімізде ковид-19-ға қарсы вакцина алу шарасы да жалғасып жатыр. Өңірлік статистикаға көз жүгіртсек, иммундау шарасы бойынша СҚ аймақтар арасында 16-шы орынға табан тіреген. Өлкеде толық вакциналаудан 43 мыңға жуық адам өтті. Тағы 34 мың жерлесіміз екінші компонентті алу мерзімін күтіп жүр.