Экология

Өңірде «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Өңірде тәртіп сақшылары ұйымдастырған «Қауіпсіз жол» акциясы жалғасуда! Бұл жолғы профилактикалық іс-шараға экологтар да қатысуда.
Мамандар арнайы құрылғының көмегімен аялдамаға тоқтаған автобустардың түтін шығаратын түтікшелерін тексеріп, тазалықтарын қарайды.
Тиісті көрсеткіш нормадан асқан жағдайда көлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Салынатын айыппұлдың көлемі 2 АЕК құрайды.
Акция барысында қаламызда әрлі-берлі зулаған өзге де темір тұлпарлардың техникалық жай-күйі де тексерілуде. «Қауіпсіз жол» іс-шарасы басталғалы бері, яғни үш жұма ішінде шаһарда техникалық тексерістен өтпеген 350-ге тарта көлік анықталыпты.

Айман Хамзина – СҚО бойынша экология департаментінің бөлім басшысы

– Қазіргі уақытқа дейін 6 автобусқа тексеріс жүргіздік. Нәтижесінде олардың 5-еуінде ереже бұзушылық тіркелді. Яғни, олардың нормадан артық түтін шығаратындары анықталды. Айта кету қажет, бұл қоғамдық көліктердің барлығы – дизельмен жүретін машиналар.

Алдияр Айтпаев