Спорт

Жерлесіміз қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында қола еншіледі

 

Қоян-қолтық ұрыстан қоржынға қола түсті. Маусымның 5-і мен 7-сі аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында теріскейлік Ердаулет Сайдуллаев қола медальға қол жеткізді. Байрақты бәсекеде спортшы 3 кездесу өткізіп, ширек финалда өзбекстандық спортшыға ұтылып қалды. Алтын – ресейлік, күміс өзбекстандық спортшының еншісінде кетті.

Алдияр Айтпаев