Құқық қорғау органдары

Полицейлер балықшыны ажал аузынан құтқарды

Жергілікті полицейлер балықшыны ажал аузынан құтқарып қалды! 37 жастағы қала тұрғыны түн ішінде Есіл өзеніне қармақ салуға шығып, қайығында қалғып кеткен.
Оның су көлігі асау толқындардың күшімен Петропавл гидроторабына қарай жоғары жылдамдықта жылжыған екен. Мұны кезекшілікте тұрған тәртіп сақшылары байқап қалады. Олар бірден тиісті органдарға хабар берген. Мамандардың жылдам әрекет етуінің арқасында диспетчер балкаларды көтереді. Нәтижесінде қайық соларға тіреледі. Осы сәтте оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері келіп, балықшыны қауіпсіз жерге шығарады.

Леонтий Пруделюк –

– Мені полицейлер дер кезінде байқап қалды. Барлығы жылдам әрекет етіп, жағаға шығарды. Бәріне алғыс айтамын. Бүгін менің – екінші туған күнім.