Петропавлда “Бақытты отбасы” орталығы ашылды

Балалар

21:05 7 Маусым 2021

Халқымыз жылқыны ежелден қастерлеп, төрт түліктің төресіне теңеген. Жеті қазынамыздың бірі болып саналатын жануар мінсең – көлік, жесең – тамақ, ішсің – сусын, ал терісі іске жарата білген жанға – киім. Ең бастысы – төрт аяқтыны баға білу қажет. Тайынша ауданындағы Чкалово селосының тұрғыны Михаил Мартысевич Қамбар ата төлдерін ұстайды. Бүгінде кәсіптен нәсіп тауып отыр.

Михаил Мартысевич – “Қарғалы” ШҚ басшысы, Тайынша ауданы:


Менің нағашы атам жылқы бағумен айналысқан. Бала кезден көріп өскендіктен бе, атқа деген махаббатым ерекше. 2008 жылы отбасымызбен бірге 2 бие сатып алдық. Бәрі содан бастау алды. Жыл сайын жануардың санын көбейтіп отырдым. Осылайша, саны 160-қа жетті. Көмек қолын созатын жұмысшым да бар. Екеуіміз жылқыларды 3 күннен кезектесіп бағамыз.

Жануарлар күндіз-түні жайлауда. Чкалово селосының маңында шөп те, су да бар. Қауіпсіздік те жіті қарастырылыпты. Табындағы 4 айғырға GPS орнатылған. Заманауи құрылғының көмегімен кәсіпкер жылқылардың қайда жүргендігін алыстан бақылып отырады. Бәрі бірдей қолға үйретілмегендіктен бе, тұяқтылар жандарына бөтен адамды жолатпайды.

Бізден қашқақтағанымен, иесінің даусын естіп, бәрі бір жерге жинала қалды. Артынша айдағанға көніп, кезекпен шашпаға кірді.

Маржан Қасымбек – тілші :

Менің әкем де жылқы ұстайды. Сондықтан бұл жануардың көңілін қалай табу керектігін жақсы білемін. Әкем айтпақшы, Қамбар ата төлінің мінезі – дәл баланыкіндей. Оған жылы қабақ танытып, мейіріміңе бөлесең, ырқыңа тез көндіресің. Ашуыңды көрсетсең, жаныңа жақындатпай қояды. Ең бастысы – сескенгеніңді ешқашан байқатпа.

Жылқының аты жылқы емес пе?! Қанша ерке болғанымен, қорыққаныңды сезіп қойса, үстінен құлатып жіберуі мүмкін. Мен мінген жануардың аты – «Қазақ». Кәсіпкер бұл атты қайтпас қайсарлығы үшін қойыпты.

Михаил Мартысевич – «Қарғалы» ШҚ басшысы, Тайынша ауданы:

«Мұғалжар» және «Жабай» тұқымдас жылқыларым бар. Олар өңіріміздің ауа райына шыдамды келеді. Өте жүйрік, мықты келетіндіктен көкпарға да қосуға болады. Ал биелерді әлі саумай отырмын. Болашақта қымыз дайындайтын кәсіпорын ашсам ба ойластырып жүрмін. Сол уақытқа дейін тайлары өсіп, жетіліп қалады.


Кәсіпті кеңейтуге мемлекет жәрдем берді. Жылқышы былтыр «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»-нан 23 млн 200 мың теңгеге несие рәсімдепті. Қаражатқа 60 жылқы сатып алған. Берешекті 10 жылда жылдық 6 пайыздық үстемеақымен қайтарады. Төлемді жылына 2 рет аударады.

Жанар Жағыпарова – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚОФ несие жөнінде менеджері:

2020 жылы 3,8 млрд теңгеге 767 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2,6 млрд теңгеге 605 жобаға несие берілді. Биыл 3 млрд теңгені бөлініп отыр.

Қор өкілінің айтуынша биыл өңірде мал мен өсімдік бағытын таңдаған жандардың жобаларына баса көңіл бөлініп жатыр екен.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Әткеншектен құлап, жарақат алған балалар саны артуда
Көркемөнер мектебінің шәкірттері пленэр практикасынан өтуде
№17 мектепте жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастады
“Daryn.Online” платформасының қызметі жаз бойы тегін болады
Облыс кітапханашыларының семинары өтті
Жетім және ата-ана қарауынсыз қалған 125 жас биыл пәтер иеленеді
Бүлдіршіндерге жолда жүру ережесі түсіндірілді
“Аққайың” лагерінде 180-ге жуық бала демалуда
Жазғы лагерьлер қаншалықты дайын
Қазақ театрында Балаларды қорғау күні атап өтілді
Биыл жергілікті университетті 1840 жуық студент тәмамдайды