Ауыл шаруашылығы

Өңірде көктемгі дала жұмыстары аяқталды

 

Өңірде көктемгі дала жұмыстары аяқталды. Солтүстікқазақстандық диқандар 4,3 млн гектарға алтын дән сіңірді. Оның басым бөлігі, яғни 3 млн гектарына дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар егілді. Тағы 918 мыңын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер рапс, зығыр мен күнбағысқа бөлді. Қалған алқаптарға көкөністердің тұқымы себілді. Егістікпен қатар / топыраққа минералды тыңайтқыш сіңіру жұмыстары да жүргізілді. Бүгінге дейін аграрийлер арнайы препараттың 142 мың тоннасын сатып алған болатын. Сұйықтықтың 71 пайызы 1 млн 600 мың гектар жерге себілген. Шаруа жаз бен күз айларында да жалғасын табады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының ақпаратына сүйенсек биыл барлығы 160 мың тонна минералды тыңайтқыш сіңіру жоспарланған.

Эльмира Садвокасова