Жаңа жол белгісіне қатысты түсініктеме берілді

Қоғам, Құқық қорғау органдары, ТКШ

20:37 4 Маусым 2021
The YouTube ID of Insert video URL or ID here is invalid.

Нұрсұлтан Назарбаев көшесі – қаладағы ұзын көшелердің бірі. Қақ ортасынан әдеттегідей қос жолақ өтеді. Бірақ, сол қос жолақтың өне бойында шамамен әр 100 метр сайын үзік-үзік жерлер болатын. Жол белгісінің аралық тұстарынан кез келген көлік өте алатын еді. Енді аталған көшемен келе жатып бағдаршамнан басқа қалаған жерде бұрылыс жасауға тыйым салынып отыр. Қос жолақты бір-бірімен жалғап, біртұтас қылды. Бұл өзгеріске қатысты көлік иелері наразылықтарын білдіріп жатыр.

Енді жол бойында бұрылуға, тіпті, өзің тұратын үйдің ауласына кіру мүмкін емес. Белгілі бір қиылысты іздеп жүру қажет. Бұл көлік қозғалысын қиындатып отыр.

– Әрине, бұл өте ыңғайсыз. Біз бұрылу үшін үлкен айналым жасауымыз керек. Салдарынан уақыт жоғалады, кептеліс туындайды.

-Мен жаңашылдықты құптаймын. Еліміздің үлкен қалаларында мұндай ереже бұрыннан бар.

Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі қос жолақтың бойындағы барлығы 40 аралық қосылған. “Бұл өзгеріс жол-көлік апатының алдын алу мақсатында қабылданып отыр”,- деді облыстық ПД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Назар Байматов.

Назар Байматов – СҚО ПД ӘПБ бастығының міндетін атқарушы:

-Н.Назарбаев көшесіне жаңашылдық енгізіп жатырмыз. Анализ жүргізіп, жаңашылдықтың тиімділігін бақылаймыз. Барлығы қос жолақтың 40 аралығын қостық.

Егер сараптама оң нәтиже беріп жатса, бұл әдіс қаланың өзге де көшелерінде қолданылмақ.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

“Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтті
Көше кезген баланың анасына қандай жаза қолданылады?
СҚО-да ер адам көліктен құлап, мерт болды
СҚО-да 4 күнде 142 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды
Білім саласы 30 жылдың ішінде қалай өзгерді?
Көктемде егілген жасыл желек неге қурап қалды?
Шілде-тамыз айларында 100 жаңа автобус жеткізіледі
Бір үйір жылқыны айдап әкеткен 6 адам қолға түсті
Уәлиханов ауданының әкімі есеп берді
Полицейлер балықшыны ажал аузынан құтқарды
Новопавловка кентіндегі саяжайдың айналасы қазылып жатыр
«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы