Спорт

Суда жүзушілер өңір қоржынын 14 медальмен майлады

Мамырдың 28-і мен маусымның 1-і аралығында Шымкент қаласында суда жүзуден өткен біріншілікте теріскейлік жастар 14 медальға қол жеткізді. Оның 5-еуі – алтын, 4-еуі – күміс, қалғаны – қола. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 11-12 жас шамасындағы 240-тан астам спортшы жиналған екен. Солтүстікқазақстандықтар командалық есепте 4-ші орынға табан тіреді. Айта кету қажет, теріскейлік спортшылар арасында жарыста рекорд орнатқандар бар.


Яна Лукьянчикова – суда жүзу спортынан спорт шеберлігіне үміткер:

-100 метрге еркін жүзуден сынға түстім. 1 минут 5 секундта жүзіп өтіп, рекорд орнаттым. Енді алдағы дүйсенбі күні Теміртау қаласында өтетін ірі жарысқа барамын. Онда да алтын медальға ие боламын деген сенімдемін.

Алдияр Айтпаев