ТКШ

Петропавлда масаға қарсы дезинсекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шыбын-шіркейді жою жұмыстары Жеңіс саябағынан бастау алды. Бұдан кейін мамандар өзге ықшам аудандар мен саябақтарды дәрілейді. Негізі, жәндіктерден тазалау шарасы ай сайын жүргізіліп отыруы тиіс. Дезинсекциялық жұмыстарға қалалық бюджеттен 2 млн теңге бөлінген.

Әсем Айтолла – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы
– Жалпы, 200 га аумақ дәріленетін болады. Жұмыстар қыркүйек айына дейін жалғасады. Оның ішінде қаладағы барлық саябақтар қансорғыштарға қарсы дәріленеді.