Құқық қорғау органдары

Облыстық ПД Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті 

 

Облыстық полиция департаментінде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтілді. Таң атысымен ведомство алдында тәртіп сақшылары сап түзеді. Кейін, Елтаңба мен Туды ұстап, ғимарат алдында шеру ұйымдастырды. Үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен Әнұран шырқалды. Мереке күні 5 офицер майор және подполковник шендеріне ие болды. Ал 3 жас қызметкер полиция лейтенанты атағын алды. Іс-шарада өңірдің бас полицейі Марат Төлебаев сөз сөйлеп, Мемлекеттік рәміздер күні әр тәртіп сақшысы үшін ерекше мереке екендігін атап өтті.