Білім

Биыл 840-тан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

 

“Өрлеу” орталығының облыстық филиалында 1-ші жартыжылдық қорытындыланды. Бүгінге дейін өңірде 534 педагог біліктілігін арттырған. Үстіміздегі жылы облыс бойынша 840-тан астам ұстаз оқыту курсынан толық өтеді деп жоспарлануда. Арнайы курстарды тәжірибесі мол, сертификатталған тренерлер, ғылым кандидаттары, магистрлер онлайн форматта өткізіп жатыр. Дәріс оқушылар қазан айының соңына дейін білген-түйгендерімен бөліседі. Орталық мамандарының сөзінше, біліктілік арттыру курстарына қатысуға көбінесе шағын жинақты мектеп және ауыл мұғалімдері қызығушылық танытатын көрінеді.

Алма Қапсытбаева – “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы “СҚО ПҚ БАИ” филиалының бөлім жетекшісі:

– Филиалда жедел әрекет ету тобы жұмыс жасайды. Оған филиал әкімшілігі мен мамандары кіреді. Сондай-ақ, бір-екі тыңдаушы кіреді. Олар сабақ барысында өздерінің ойларымен бөлісіп, курста не ұнағандығын айтады. Курстың соңында қатысушылардан арнайы сауалнама алынады.

 

 

Дана Ешкенова