Құқық қорғау органдары

Петропавл тұрғынының үйінен 20 түп марихуана табылды

Теріс жолға түскен бағбан. Тәртіп сақшылары Петропавл қаласы тұрғынының үйінен 20 түп марихуана тәркіледі. 46 жастағы ер адам есірткіні гүл егетін құмыра мен шараларда өсірген.
Баспанасынан тіпті арнайы лампа, климатты бақылайтын құрылғы да табылды. Айтуынша, еккен зиянды затты өзі қолданбақ болған. Үйінен тамырын қоса алғанда жалпы салмағы 5 келі 650 грамм марихуана тәркіленді. Бұл есірткінің ірі көлеміне жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 2 бірдей бабы бойынша тергеледі. Ер адамға 5 млн 800 мың теңгеге дейін айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Эльмира Садвокасова