Спорт

Алексей Луценко халықаралық веложарыстың 4-ші кезеңінде топ жарды


Спортсүйер қауымға сүйінші жаңалық! Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, “Astana” командасының мүшесі Алексей Луценко «Критериум ДофинЕ» көпкүндігінің 4-ші кезеңінде топ жарды.

Бұл додада шабандоздар жеке-жеке жарыс жолына шығып, 16 шақырым 400 метрді бағындырды. Сайыс қорытындысы бойынша шашасына шаң жұқпас отандасымыз мәре сызығын 21 минут 36 секундта кесті. Осылайша, кезекті кезеңнің жеңімпазы атанды. Жалпы есепте австриялық спортшы көш бастап тұр. Одан жерлесіміз 1 секундқа қалып келеді. Естеріңізге сала кетейік, Алексей Луценко шілденің соңында Жапония елінде жалауын желбірететін Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғайтын болады.


Байболат Култанов