Құқық қорғау органдары

Тайынша ауданында дәмханаға ұрлық жасалды

Оқиға мамырдың 30-шы жұлдызына қараған түні орын алды. Бәз біреулер нысанның ішіне артқы есіктің құлпын бұзып кірген. Кейін сумен жабдықтау сорғысын, кассалық аппаратты, жөндеу жұмыстарына арналған құрал-саймандарды және басқа да дүние-мүлікті қолды қылған. Келесі күні дәмхана иесі полицияға арыз жазады. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен 2 күдіктіні құрықтайды.
Олар – 18 жастағы аудан орталығының тұрғындары. Жігіттерден жалпы құны 100 мың теңгеден асатын ұрланған заттар тәркіленді. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-ші бабының 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дана Ешкенова