COVID-19: Қазақстан

Өткен тәулікте 41 солтүстікқазақстандық инфекция жұқтырған

Індетті жұқтырғандардың басым бөлігі – петропавлдықтар. Мамлют пен Қызылжар аудандарында 5 жағдайдан тіркеліп отыр. Тайыншада – 4, Мағжан Жұмабаев пен Аққайыңда – 3 және Шал ақында COVID-19-ды 5 адам жұқтырған. Қалған аудандарда бір-бір жайттан анықталды. Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы қазір “сары аймақта”. Сонымен қатар, бүгінде өңірде жаппай вакциналау науқаны жүріп жатыр. 39 мыңға жуық теріскейлік екпенің толық компонентін алған. 72 мыңнан астамы иммундау шарасының алғашқы кезеңінен өткен.

 

 

Алтынай Казиканова