ТЖ

СҚО-да 27 жастағы қостанайлық жігіт суға батып кетті

СҚО-ына демалуға келген 27 жастағы қостанайлық жігіт суға батып кетті.

Оқыс оқиға сенбі күні Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Урожайное селосының маңында болды. Бір топ жас Есіл жағасында демалған. Демалыс кезінде жастар өзенге бірнеше метрлік жардан секіреді. Осы сәтте марқұм терең жерге түскен екен. Жағаға шығуға дәрмені жетпей, суға батып кеткен. Құтқарушылар оқиға орнына тез арада жетеді. Іздеу жұмыстары жүргізіліп, ер адамның денесі 40 минуттың ішінде табылады. Айта кетейік, бір топ жігіт рұқсат етілмеген жерде шомылған.

Кирилл Иванников – СҚО ТЖД басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы:

– Өңірде мамырдың ортасынан бастап 4 адам суға батып кетті. Ертең, яғни маусымның 1-і күні шомылу маусымы ресми түрде ашылады. Солтүстікқазақстандықтардан өзен-көлдерге түскен кезде барынша сақтық шараларын қаперде ұстауды сұраймыз. Жалпы, соңғы 8 жылда облыста 180 адам су құрбаны болды.

Бердимурат Баймухан