МТРА жаңалықтары

Пара алғаны дәлелденді

Белгілі болғандай, жергілікті кәсіпкерлердің бірі былтыр көліктік бақылау инспекциясы бөлімінің басшысы болып тұрған Руслан Мағзұмовқа жүгінеді. Іскер жан өзінің 5 ауыр жүк көлігінің өңір аумағында кедергісіз қатынауын сұрайды. Яғни, салмағы нормадан көп тауар тасуға рұқсат алады. Сол үшін мемлекеттік қызметкерге 500 мың теңге ақша ұсынады. Параны алған маман екі күннен кейін қолға түседі. Биыл наурыздың 19-ы күні Петропавл қалалық соты Мағзұмовқа қатысты үкім шығарды.

Жарқын Ғалымов – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Руслан Мағзұмов 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі ең төмен мекемеде өтейді. Сондай-ақ, сотта, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы мен квазимемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу құқығынан айырылды.

 

Бердимурат Баймухан