МТРА жаңалықтары

Өңірдегі егіс алқаптарының 90,8 пайызына тұқым себілді

Жеке-жеке тоқталайық. 2 млн 650 мың гектардан астам жерге – дәнді дақылдар, 874 мың гектарға жуық танапқа майлы өнім себілген. Картоп пен көкөністер толық егіліпті. Бұл ретте жоспар 100 пайызға орындалған. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша аудандар арасында Жамбыл, Аққайың мен Есіл көш бастап тұр. Аталған аудандардың барлығы жауапты істің 90 пайыздан астамын тындырып үлгерген.

 

 

 

 

 

Алтынай Казиканова