МТРА жаңалықтары

Әскери-техникалық мектеп сарбаздарының кезекті легі ант қабылдады

Бұл – биылдыққа әскери-техникалық мектепті аяқтап отырған жауынгерлердің 3-ші тобы. Тепсе темір үзетін ұландар 46 күндік даярлықтан өтіп, әскери дағдыларды меңгерген. Бүгін қолдарына тиісті сертификат алып отыр. Үлгілі тәртібімен көзге түскендерге дипломдар да табыс етілді. Отан алдында адал қызмет етуге серт берген азаматтардың әрқайсысы “Атқыш” маманы ретінде арнайы есепке алынады. Айта кету қажет, шаһардағы әскери-техникалық мектеп жыл сайын жасы 24-тен асқан сарбаздардың 7 легін оқытады. Жаңа жинақты мұндағы мамандар маусымның 7-сі күні қабылдамақ.

Жайлау Шәріпов – Петропавлдағы әскери-техникалық мектебінің аға оқытушысы:

– Қостанайдан – 21, СҚО-дан – 18 бала. Барлығы жоғары білімді. 55 Бізден сарбаздар арнайы даярлықтан өтті деген сертификат алады. Сол сертификатпен олар Қорғаныс істері бөлімінен әскери билет ала алады. Мектебімізді бітірген сарбаздар қалаған органдарында қызмет ете алады.

 

 

 

Алдияр Айтпаев