Kurultai banner mobile

МТРА жаңалықтары

Петропавлда іскер әйелдер форумы өтті

Бүгін облыстық кітапханада «Business Woman KZ» қоғамдық бірлестігі жергілікті филиалының өкілдері форум ұйымдастырды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты.

Іс-шарада кәсіпкер әйелдер бизнес-жобаларды жүргізу тәжірибесімен бөлісіп, саладағы қиындықтар мен жетістіктер туралы әңгімеледі. Жалпы, «Business Woman KZ» – еліміздегі нәзікжандылардың кәсіпкерлігін қолдайтын және дамытатын ең ірі ұйым. Қоғамдық бірлестік түрлі бастамаларды жүзеге асырады. Соның бірі – “BUSINESS LADY KAZAKHSTAN” республикалық байқауы. 4 жыл ішінде конкурсқа 200-ге тарта қыз-келіншек қатысқан. Шара аясында шеберлік сағаттары мен тренингтер өткізілген. Бүгінде аталған ұйымға біздің өңірден 15 бизнесвумен мүшелік етеді. Соның ішінде Ризагүл Ысқақова да бар. Нәзікжандынің киім-кешек сатумен айналысып жүргеніне 10 жылдан астам уақыт өткен.

Ризагүл Ысқақова – «Business Woman KZ» ҚБ СҚОФ директорының орынбасары:

 – Іс-шараның мақсаты – өзімізді жетілдіріп, облыстағы бизнес деңгейін арттыру. Және бір-бірімізге қолдау көрсетіп, кеңес береміз. Өзім жеке кәсіппен айналысамын. Нұр-Сұлтан мен Петропавлда киім дүкендерім бар.

 

 

 

Дана Ешкенова