Мәдениет

Облыстық кітапханаға ақын Марат Кинеевтің шығармалары жеткізілді

Талант иесінің шығармалары Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың сөресіне қойылды. Ақынның өлеңдер жинағынан өмірге деген көзқарасы мен айналасындағыларға деген сүйіспеншілігін көруге болады. Лирикалық туындыларын теріскейлік оқырмандарына таныстыру үшін Марат Кенеев аққайыңдар өлкесіне оңтүстік астанадан арнайы келген. Жалпы, дарынды жан осы күнге дейін 13 жинақ шығарыпты. Соның 11-і бүгін Петропавлға жеткізіліп отыр.

Марат Кинеев – ақын:

– Мен мектеп жасынан өлең жаза бастадым. “Бұлақ көрсең, көзін аш” демекші, мұғалімім зор қолдау көрсетті. Содан бері қалам тербеуді жаныма серік еттім. 1957 жылы менің алғашқы өлеңдер жинағым «Юность» журналында жарық көрді.

 

 

Алтынай Казиканова