МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа мобильдік қосымшаны іске қосты

Электрондық шот-фактура бизнестегі сауда жүргізуді жақсартып, көлеңкелі экономиканы жоюға мүмкіндік береді. 2019 жылдан бастап облысымыздағы салық төлеушілердің барлығы осы жүйемен жұмыс жасауға көшкен. Осы уақытқа дейін солтүстікқазақстандықтар 7 млн-ға жуық шот-фактура ұсынған. Енді бұл қызмет одан сайын жеңілдей түседі. Жақында Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа мобильдік қосымшаны іске қосты.

Руслан Рахымберді – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

– Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі» мобильдік қосымшасын іске қосты. Оның көмегімен кәсіпкерлер шот-фактураны смартфон көмегімен рәсімдеп, тапсыра алады. Сондай-ақ, электронды келісім шарт жасап, тауардың ілеспе құжатын қарайды.

Қосымшамен жұмыс жасай үшін алдымен web-порталға кіріп, тіркеуден өту қажет. Содан кейін ғана смартфонға жүктеп қолдана беруге болады.

Руслан Рахымберді – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

– Мобильдік қосымшаға жеке сәйкестендіру нөмірі, пароль, төрт таңбалы код, саусақ ізі немесе Face ID арқылы кіруге болады. Қолданушылар ол арқылы web-порталдағы жаңалықтарды оқып, компанияға жаңа жұмысшыларды қабылдай алады. Ал экранда көрсетілетін push-үнбелгі маңызды оқиғаларды өткізіп алмауға мүмкіндік береді. Бұл пандемия уақытында қашықтықтан жұмыс істеуге жол ашады.

Бағдарлама әзірше PlayMarket-те ғана қолжетімді. App Store қолданушыларына арналған нұсқа да жақында пайда болмақ.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан