МТРА жаңалықтарыБілім

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов түлектерді құттықтады

Оқу жылының оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар қауымы үшін оңайға соқпағаны белгілі. Онлайн формат дәстүрлі білім беру жүйесіне біраз өзгеріс енгізді. “Бірақ, бұл сыннан да жерлестеріміз сүрінбей өтті”,- деді аймақ басшысы. Құмар Ақсақалов мерекелі күнде қыз-жігіттерге ізгі лебізін білдіріп, алдағы емтихандарды сәтті тапсыруларын тіледі.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

–  Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Республикамыз барлық салаларда дамып келеді. Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Елімізді дамыту үшін жастардың мүмкіндіктері зор. Қадірлі ұстаздар! Оқушыларға тынбай білім беретін, ақылын аямайтын мұғалімдерге де алғысым шексіз. Балалардың оқудағы жетістіктері – ата-аналардың да еңбегі. Сіздерге де алғыс айтамын!

 

Эльмира Садвокасова