COVID-19: Қазақстан

Коронавирустың таралуының 3 сценариі бар

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталайық. Соңғы тәулік ішінде коронавирус 45 жерлесіміздің бойынан табылған. Тіркелген жағдайлардың 86 пайызында ковид-19-дың белгілері айқын байқалады. Тәжді вирусты жұқтырғандардың ел бойынша саны 1,5 мыңнан асып жығылады. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері алдағы 3 айға болжам жасады. Мамандардың сөзінше, эпидахуалдың өрбуінің 3 сценариі бар. Пессимистік болжамға сәйкес, маусым мен қыркүйек аралығында 95 мыңға жуық қазақстандық қауіпті инфекцияға шалдығуы мүмкін. Реалистік сценарийдің “статистикасы” – 69 мың адам. Ал оптимистік жағдайда науқас саны соңғысынан 8 мың науқасқа азырақ болмақ. Үш болжамның қайсысы шындыққа сай келеді, оны вакциналау қарқыны көрсетпек. Әзірге, толық иммундау шарасынан 900 мыңнан аса қазақстандық өткен. Тағы 2 млн тұрғын екінші компонентті алуы тиіс. Үкімет басшысы Асқар Мамин бейінді министрлікке екпе егу науқанына қарқын қосуды тапсырды.

 

 

Эльмира Садвокасова