МТРА жаңалықтары

500 мыңға жуық ел тұрғыны банктердің “қара тізімінен” шығарылады

Құжатта несие тарихы нашар жандарға аса қажет болған жағдайда банктен қарыз алуға мүмкіндік беретін норма көзделген. Егер бұрын кредит тарихын сақтау мерзімі 10 жыл болса, бүгінде берешегін өтеген және қазір берешегі жоқ адамдарға қатысты бұл мерзім 5 жылға дейін қысқартылады. Мұндай шешім шамамен 500 мың азаматтың «қара тізімнен» шығуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, коллекторлардың қызметін реттейтін түзетулер де қабылданды. Оған сәйкес коллекторлар несие алғандарға бөтен телефон нөмірінен хабарласа алмайды. Олардың туыстарын да мазалауға рұқсат берілмейді. Ал байланысқа шыққан кезде міндетті түрде аудио және бейне жазба жүргізетін болады. Микроқаржы ұйымдарының жауапкершілігі де күшейтіледі. Мәселен, олар несиенің толық сомасын келісімнің бірінші бетінде жазуы тиіс. Жарнама жасағанда жылдық мөлшерлеме туралы ақпаратты беру талабы қойылады. Және несиесін 180 күн бойы төлемегендерге комиссияны есептеу тоқтатылады.

 

 

Дана Ешкенова