ТЖ

Петропавл маңында 2 адам суға батып кетті

М.Жұмабаев жоғары колледжінің 4-ші курс студенттері жетекшілерімен табиғат аясында тынығуға келеді. 94-ші жылғы кураторы мен 2001 жылы туған қыз өзеннің жағасында фотоға түсіп жатқанда аяқтары тайып кетіп, суға құлаған. Ағыстың қаттылығы соншалық екеуін де әп-сәтте алып кеткен. Осы сәтте сол маңдағы жігіттердің бірі құтқармақ болып, өзенге секіріпті. Бірақ, ұстазы мен топтасын таба алмай қалған екен. Марқұмдардың денесі кеше кешкі 7 кезінде судан шығарылды. Денелері жақын маңнан табылған. Қаза тапқан оқытушы – Тимирязев ауданының тумасы. Ол колледжде небәрі 1 жыл ғана қызмет етіпті. Ал, 1 айдан кейін қолына диплом алуы тиіс болған қыз Ақжар ауданынан екен.

Мұрат Қанғожинов – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Құтқарушылар суға батып кеткен 2 адамның денесін демалыс орнынан 50 метр жерден және 7 метр тереңдіктен тапты. Бұл – үстіміздегі жылы өңірде орын алып отырған алғашқы жағдай. Былтыр суға 9 адам батып кетті. 1-еуі – бала.

 

 

Маржан Касымбек