Мәдениет

24-ші мамыр – Славян жазуы мен мәдениеті күні

Славян жазуын 860-шы жылдары Кирилл мен Мефодий атты ағайындылар еврей мен грек әліпбилерін біріктіру арқылы ойлап тапқан. Бұл графикамен бірталай дүние жазылған. Солардың бірсыпырасы бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Мәселен, жиынға қатысушылар назарына ұсынылған мына кітаптар славян қарпімен басылыпты. Бүгінгі онлайн іс-шараға солтүстікқазақстандық белсенділерден бөлек, Беларусь, Ресей елдерінің өкілдері де ат салысты. Жиын барысында олар славян тілдерінің тарихын көпшілікке таныту турасында сөз қозғады.

Ольга Волкова – облыстық орыс және казак ұйымдары қауымдастығының өкілі:

– Бүгінгі күн бірнеше ғасырлар бойы славян жазуы мен мәдениеті күні есебінде аталып өтіледі. Бұл мерекенің Европа, Азия елдерінде тұрып жатқан көптеген ұлтқа тікелей қатысы бар. Көпшілік назарына ұсынылған кітаптар мен интеллектуалды ойын арқылы біз жастарды славян жазуымен және мәдениетімен жақынырақ таныстырғымыз келеді.

 

 

 

Алдияр Айтпаев