МТРА жаңалықтары

Театрдың төбесінен құлаған құрылысшы қауіпсіздік ережесін сақтамаған

Петропавлда өткен жылдың желтоқсан айында салынып жатқан қазақ театрының төбесінен құрылысшы құлап, мерт болды.

Осы оқиғаға қатысты өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері анализ жүргізген. Тексеріс кезінде көз жұмған азаматтың қауіпсіздік ережесін сақтамағаны анықталыпты. Ол төбеге шыққан кезде сақтық белдігіндегі арқанды еш жерге ілмеген көрінеді. Жазатайым жайтты мамандар “Жұмысшының өрескел абайсыздығы” деп бағалап отыр.

 

 

Бердимурат Баймухан