Құқық қорғау органдары

Петропавлда пәтер ұрысы ұсталды

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Жұмысшы кентінде орналасқан баспаналардың біріне ұры түседі. Баукеспе ішке терезені сындырып кірген. Ол бағалы заттарды іздеп, үйдің астан-кестеңін шағарыпты.

Полицейлер жедел арада баукеспенің ізіне түседі. Мамандар бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 45 жастағы қала тұрғынын басты күдікті деп танып, құрықтайды. Тексере келе заң бұзушының пәтерінен ұрланған дүниелердің бір бөлігі тәркіленеді. Алтыннан жасалған бұйымдарды әлгі баукеспе ломбардтқа тапсырып үлгерген екен. Жалпы, келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрайды. Ұрының құрығына түсіп, сан соғып қала жаздаған қала тұрғындары болса полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіруде.

Жәбірленуші:

 – Қылмыскерлерді құрықтады. Бұл полиция қызметкерлерінің жедел жұмысының арқасында. Тәртіп сақшыларына үлкен алғыс білдіреміз!

Бір қызығы 5 жыл бұрын ұры дәл осы үйге түскен екен. Біраз дүние ұрлап, 2 жылға сотталған. 2018 жылы босап шықса да темір тордың ар жағындағы өмір сабақ болмаған көрінеді. Қайтадан пәтер ұрлығын жасап, тағы да 2,5 жылға бас бостандығынан айрылады. Сөйтіп, 2021-дің 9-шы сәуірінде кезекті мәрте еркіндікке шығады. Бірақ, кенедей жабысқан әдетінен айрылар емес.

Данияр Ғалиақпаров – СҚО ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

 – Ағымдағы жылдың басынан 196 пәтер ұрлығы тіркелген. Оның 120 фактісі ашылып, сотқа жіберілген.

Тәртіп сақшылары көлденең ұрыға жем болмас үшін үйдің қауіпсіздігіне баса мән беру керек дейді. Бейнебақылау камерасы болмаса да есік-терезелерді дұрыс жауып кету қажет.

 

 

 

 

 

Дана Ешкенова