Kurultai banner mobile

МТРА жаңалықтары

Өңірде көктемгі егіс жұмыстары қызу жүріп жатыр

Өңірде көктемгі егіс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мамандарының айтуынша диқандар бүгінге дейін 1 млн 423 мың гектар жерге дән сепкен. Бұл – шамамен жоспардың 32 пайызы.

Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, диқандар 925 мың гектарға – бидай, 414 мың гектар аумаққа майлы дәнді дақыл еккен. Сондай-ақ, 16 мыңнан астам гектарға – картоп, 3,5 мың гектарға көкөніс отырғызған.

 

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев