Инновациялық кәсіптік даму колледжі түлектерді оқуға шақырады

МТРА жаңалықтары

21:25 20 Мамыр 2021

Рахат Смағұлов өткен жылы 11-ші сыныпты тәмамдап, үлкен өмірге қадам басты. Бала кезінен алдыңғы қатарлы өндіріс ошағында еңбек етуді армандаған. 18 жастағы жігіт ойланбастан “Радуга” серіктестігі ашқан Инновациялық кәсіптік даму колледжіне түскен. Бүгінде ол оқудың 80 пайызын оқу кабинетінде емес, білек сыбана кәсіпорында өткізеді.

Рахат Смағұлов – Инновациялық кәсіптік даму колледжінің студенті:

– Мен станок операторы мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Азық-түлік өнімдерін шығаратын цехта тәжірибеден өтіп жатырмын. Өнімді станоктың көмегімен қаптап, қораптарға бөліп саламыз. Дуалды оқыту жүйесінің берері көп. Бір жылдан кейін қолыма диплом алған соң осы жерге ресми түрде жұмысқа орналаспақшымын.

Жалпы, “Радуга” серіктестігі тұрмысқа қажетті пластик дүниелер, сабын мен азық-түлік өнімдерін шығарады. Әр цехқа бірнеше студенттен бекітілген. Тәжірибеден өтушілердің жеке тәлімгерлері де бар.

Наталья Тагильцева – “Радуга” ЖШС технологы:

– Студенттер біраз дүние меңгерді. Қазір тіпті білікті мамандардың орнын алмастыра алады. Олар бір аптада 4 күн бойы кәсіпорында болады. Басты мақсат – жастардан тәжірибелі маман тәрбиелеп шығару және кәсіпорындағы кадр тапшылығын жою.

“Радуга” серіктестігі ашқан колледжде жастар тегін білім алады. Тіпті, студенттерге шәкіртақы мен өндіріс ошағында жұмыс істегені үшін еңбекақы да қарастырылған. Екеуін қосқанда ай сайын ұл-қыздардың есепшотына 40 мың теңгеден аса қаржы аударылады. Колледжді тәмамдағаннан кейін жастарға диплом беріледі. Және бірден екі қолға бір күрек табылады. Тағы бір артықшылықты айта кетейік. Білім ордасында өткізген 2 жыл тәжірибе ретінде саналып, еңбек кітапшасына енгізіледі.

Татьяна Мишкина – Инновациялық кәсіптік даму колледжінің директоры, Қызылжар ауданы:

– Өткен жылы 11-ші сыныпты тәмамдаған жастарды қабылдадық. Себебі, колледжде негізгі пәндерді оқытатын ұстаздар болған жоқ. Ал биыл түлектерді 9-шы сыныптан кейін де қабылдау жүргіземіз. Бұл мақсатта “Радуга” серіктестігі Бескөл орта мектеп-гимназиясымен әріптестік орнатып, білім ұясын сенімді басқаруға алды. Енді келер оқу жылынан мектеп Бескөл мектеп-колледжі деп аталады.

“Радуга” серіктестігінің басшылығы 50 жылдан астам тарихы бар мектепке ауқымды көлемде инвестиция құйған. Оқу жылы аяқталғаннан кейін нысанда күрделі жөндеу жұмыстары бастау алмақ. Қыркүйекке дейін ғимарат адам танымастай өзгереді. Сондай-ақ, болашақ Бескөл мектеп-колледжінде оқушылар мен студенттерге сапалы білім беру үшін заманауи қондырғылар да сатып алынбақ. Сөз соңында түлектердің құлағына алтын сырға. Колледжге түсу үшін құжаттарды маусымның 20-сы мен тамыз айының 20-сы аралығында тапсыру қажет.

 

 

Дана Ешкенова

 

Бұдан әрі оқыңыз

Әуежай қызметкерлері жарты жыл бойы жалақы алмаған
СҚО-да жыл басынан бері 50-ден астам жалған жарнама анықталған
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға түзетулер енгізілді
Субсидиялау мәселесі сөз етілді
ЕАЭО аумағында тауар тасымалдау ережесі
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды
Облыс әкімі “Серпін-2050” бағдарламасының қатысушыларымен кездесті
СҚО-да бір күнде екі жазатайым оқиға болды
Былтыр Ғ.Мүсірепов ауданының 120 тұрғыны қайтарымсыз грант алған
Сайлауға 3 күн қалды
ҚР ҰҰ Әскери институтын 24 жылда 4 мыңға жуық курсант тәмамдаған
Есіл ауданында 7 ауылдық округке жаңа әкім сайланады