Мәдениет

“Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз” атты байқаудың жеңімпазы анықталды

Конкурс сәуірдің 15-і күні басталған болатын. Оған қатысушылар соғыс жылдарындағы әндерді орындап, ұйымдастырушыларға жолдады. Арнайы түсірілген видеолар қалалық мәдениет үйінің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. Нәтижесінде ең көп лүпіл жинаған әрі қазылар алқасының жоғары бағасын иеленген 12 жастағы Марьяна Ермоленко бас жүлдені жеңіп алды. Жақында өнер ошағы «Тақырыптық клип» сайысын да жариялаған болатын. Мұнда №8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп–кешенінің шәкірттері үздік атанды.

Маржан Касымбек