Құқық қорғау органдары

Петропавлдағы дүкендердің біріне қарақшылық шабуыл жасалды

Оқиға осыдан екі күн бұрын болды. Түнгі 11-лер шамасында бетін тұмшалаған ер адам Караван көшесінің бойында орналасқан азық-түлік дүкендерінің біріне кіріп келеді. Қолында пышағы бар. Суық қарумен сатушыға қоқан-лоқы көрсетіп, кассадағы ақшаны беруді талап етеді. Бірақ, дүкенші сескенбей, оны әңгімеге тартқан. Осы сәтте сауда орнына сатып алушы келіп қалады. Ал, ұрлықшы оқиға орнынан қашып кетеді.

Дүкенші болған жайтты тез арада полицейлерге хабарлайды. Жедел уәкілдер аула арасын тексеріп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарайды.

Әсет Мұқышев – Петропавл қалалық ПБ екінші полиция бөлімнің тергеушісі:

 – Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1992 жылы туылған бұрын сотталған Петропавл қаласының тұрғыны ұсталды. Аталған факті ҚР ҚК 192-бабы, яғни қарақшылық бойынша Петропавл қаласының ПБ екінші полиция бөлімінде тіркелді.

Қазіргі күні күдікті қамауда. Тергеу жүріп жатыр.

 

 

 

Бердимурат Баймухан