Мәдениет

Олжас Сүлейменов 85 жасқа толды

Семей полигоны. Кеңес үкіметі кезінде атом бомбаларын сынақтан өткізу үшін еліміздің шығысы пен орталығы таңдалып, бақандай 18 млн гектар жер бөлінді. Онда 456 ядролық және термоядролық жарылыс болды. Жан-жаққа радиация тарап, 500 мыңнан астам адам зардап шекті. Солақай саясаттың салдарынан бастапқыда бұл жайлы ешкім тіс жарып айтқан жоқ. Тек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Олжас Сүлейменов бастаған қазақ зиялылары жарылыстардың залалын толық зерттей бастайды. Артынша, жоғарыдан әскерилердің миссиясын тоқтатуды талап етті.

Жазира Көкбас – М.Қозыбаев атындағы СҚУ аға оқытушысы:

–  Назарбаев “Қызметтік жолымда маған өте көп көмектескен Олжас Сүлейменов болды. Өлеңдерімен күш берді. Орысша сөйлегенімен жүрегі қазақ деп тұрады” дейді.

Олжас Сүлейменов көпшілікке даналығымен ғана емес, көрнекті қаламгерлігімен де сыйлы. Тау тұлғаның «Арғымақ», «Атамекен», «Нұрлы түндер», «Аз и Я», «Адамға табын, жер, енді» «Қыш кітап» атты туындылары көпке танымал. Әлемге әйгілі ақынның туындыларын қазіргі жастар сүйіп оқиды. Ұлттың ұлы тұлғасын үлгі тұтады.

Қызғалдақ Бердімұрат – М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенті:

– Олжас Сүлейменовтің «Тыныштық» атты өлеңін оқитын боламын. «Басқа адам саған жаман көзбен қараса да сен жақсылық тіле» деген.

Жиында М.Қозыбаев атындығы СҚУ мамандары мен студенттері Олжас Сүлейменовтің өмір жолын, қызметін талқылады. Ал, оқырмандар залында қаламгердің барлық кітабы паш етілген.

 

 

 

 

Маржан Касымбек