COVID-19: Қазақстан

Короновирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Бұл жайлы Үкімет отырысында еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Бас дәрігердің баяндамасына сүйенсек, үстіміздегі жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша республикадағы инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы – 36, ал реанимациялық орындардың толымдылығы 28% құрайды. Иммундау шарасына тоқталайық. Бүгінге дейін вакцинаның 2,6 млн дозасы пайдаланылған. Екпенің бірінші компонентін – 1 млн 800 мыңнан астам, екіншісін 800 мыңға жуық адам қабылдаған. Егу қосындарында екпе жеткілікті көлемде. Препаратты жер-жерге жеткізу де кестеге сәйкес жүріп жатыр. Мамырдың 14-і күні Қарағанды фармацевтика кешеніне Спутник V-ді өндіруге арналған субстанция келіп түскен. Бүгінде аталған өнімнің 1 млн 200 мың дозасын кезең-кезеңмен өндіру жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, осы айдың соңына дейін KazVac пен Бірікке Араб Әмірліктерінде өндірілген Хаят Вак вакцинасын жеткізу күтілуде.

 

 

 

 

Байболат Култанов