Құқық қорғау органдары

Жергілікті полицейлер алматылық интернет-алаяқты құрықтады

27 жастағы жігіт Петропавл қаласының тұрғындарына қатысты 3 бірдей кибералаяқтық жасады деп күдіктелуде. Қу жігіт интернетке гүл сату және оны жеткізу туралы хабарландыру жариялаған. Бұндай мүмкіндікті пайдаланып қалмақ болған азаматтар оған қоңырау шалған екен. Ал, пысықай хабарласқан сатып алушылардан алдын ала 10-12 мың теңге көлемінде төлем жасауды талап етіпті. Аударылған жиынтық көлемі 40 мың теңгені бірден қалтаға басқан пысықай ақыры байланысқа шықпай қойған. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Алматылық интернет-алаяқ Петропавлға жеткізілді. Оның өзге қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Дана Ешкенова