МТРА жаңалықтары

Өңірде “Әскери баспана” мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды

Өзінің жеке пәтеріне қол жеткізуді арман еткен шенді азаматтар жұмыс орнынан үй төлемін алатындығы жөніндегі анықтама алуы тиіс. Кейін сол құжатты “Отбасы Банк”-ке табыс етуі қажет екен. Кейін қаржы ұйымының мамандары арнайы шот ашады. Үй құнының белгілі бір көлемі жиналғаннан кейін жылдық 8 пайыздық мөлшерлемемен қарыз беріледі. Айта кеткен жөн, банк мамандарына жолығу үшін интернет-банкинг арқылы алдын ала өтінім беру қажет.

Назерке Ғалым – “Отбасы Банк” АҚ СҚОФ бизнесті дамыту бөлімінің маманы:

 – Ең төменгі алдыңғы жарнамен, яғни 15%-бен 45 млн-ға дейін, ал алдыңғы жарна 50% болса, онда 90 млн-ға дейін несие рәсімдеуге болады. Айта кету қажет, бұл бағдарламада жасқа деген немесе еңбек өтіліне деген ешқандай шектеу қойылмаған. Тек несие рәсімделсе ғана кез келген қаладан баспана алуға болады.

 

 

 

Алдияр Айтпаев