МТРА жаңалықтары

Көтерме сауда орталығы басқа жерге көшірілуде

Базарды көшіру жұмыстары бүгін бастау алды. Сауда орнына тиесілі 240 контейнер бар екен. Жаңа жерге соның 170-і ауыстырылады. Ал қалған 50-і ЗИКСТО зауытының маңындағы “Большой строительный” базарына қойылады. “ЦОТ” серіктестігінің директоры Александр Фомин шаруаны өз қаражатымызға атқарып жатырмыз дейді. Іске 70 млн теңге жұмсалмақ екен.

Александр Фомин – «ЦОТ» ЖШС директоры:

– Сауда орталығының жаңа мекен-жайы осы жерден небәрі 900 метр қашықтықта орналасқан. Шаруаны маусым айының ортасында тәмамдауға тырысамыз. Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдері ол жаққа дейін арнайы автобус маршруттарын бекітеміз деді. Ал көтерме сауда орталығының орнында қос көпқабатты үй салынады.

 

Бердимурат Баймухан