МТРА жаңалықтары

Көктемгі аңшылық маусымы қорытындыланды

Бұл жолы дала үйрегінің аталығы мен құрды ғана атуға рұқсат етілген болатын. Бірақ, тыйым салынған құстарды да қағып түсірген жандар кездесіпті. Дала қаздарын атып алған 10 адамға қатысты әкімшілік материал жиналды. Біреуінен тіркеуде жоқ 1 тапанша тәркіленіп алынған. Ережені елемегендерге қатысты жаза ретінде әзірге ескерту жасалды. Бұндай жағдай тағы бір рет қайталсан, онда жинақталған іс сотқа жолданады. Сондай-ақ, елік атқан 3 браконьер ұсталды. Табиғатқа келген шығын – 3 млн теңге. Заңсыз аңшылық құрғандардың біреуінің бас бостандығы 2 жарым жылға шектелді. Ал қалған екеуіне 3 мың АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе бас бостандықтары шектеледі.

Олег Беспалов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Заңсыз қаз ату фактілері Тайынша, Мамлют, Мағжан Жұмабаев, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов аудандарында тіркелді. Жамбыл мен Тайынша аудандарында елікке оқ атылған.

Алдияр Айтпаев